Зинедин Зидан "Манчестер Юнайтедтің" тізгінін ұстаудан бас тартты

©©sportbox.ru

"Манчестер Юнайтед" басшылары Зинедин Зидан команда тізгінін ұстаудан бас тартқанын мәлімдеді, деп жазады COPE басылымы. 

Бұған дейін бірнеше беделді БАҚ франциялық маманның Уле-Гуннар Сульшердің орынан келетіні туралы жазған еді. Бірақ Зидан "Манчестер Юнайтед" басшылармен сөйлесіп, бұл ұсыныстан бас тартқан. 

Франциялық бапкер Англияда жұмыс істегісі келмейді. Себебі, ағылшын тілін дұрыс білмейді. Оның үстіне Зиданның жұбайы да Манчестерге көшуге қарсылық білдірген. 

"Манчестер Юнтайдетік" орнына ол ПСЖ командасын жаттықтыруы мүмкін. Зидан париждік командада Маурисио Почеттиноның орнын басуы ықтимал. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: