Зинедин Зидан қай клубты жаттықтыратыны белгілі болды

©Getty Images

Белгілі бапкер Зиденин Зидан жаз басталысымен "ПСЖ" клубын жаттықтырады, деп хабарлайды ESPN арнасы.

Қазіргі таңда париждік команданың басшылары Зиданмен келіссөз жүргізуде. "Реалдың" экс-бапкері аргентиналық Маурисио Почеттиноның орнына келмек. Ал Почеттино болса "Манчестер Юнайтед" тізгінін ұстауы мүмкін.

Еске салайық, Зинедин Зидан бапкер ретінде "Реалмен" Испанияның екі дүркін чемпионы атанса, Чемпиондар Лигасының басты кубогін үш мәрте жеңген. Ал ойыншы ретінде Франция құрамасымен Еуропа және әлем чемпионы атанды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: