Футбол
1 шілде 2019 09:43

Зиданның үлкен ұлы клубсыз қалды

© Football.ua
Франциялық футболшы Энцо Зидан бірнеше ойыншымен бірге швецариялық "Лозанна" сапынан кетіп, еркін агент атанды, - деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Зинедин Зиданның үлкен ұлымен бірге командадан алты ойыншы кеткен. Клуб олармен қоштасу себебін "анық нәтижесі жоқ және болашақтары туралы болжам жасауға келмейтігндігімен" түсіндірді.

"Лозанна" сапына Зидан 2017 жылы ауысып, 16 матчте екі гол салған. Өткен маусымды ол Испания Сегундасындағы "Райо Махадаонда" командасында жалға алу құқымен өткізді, 33 ойында бір ғана ассист жасады.

24 жастағы Зидан 2004 пен 2017 жылдар аралығы "Реал" жүйесінде жаттықты, мадридтіктер үшін ол бір матч ойнап, бір гол салған. 2017/18 маусымында ол "Алавес" сапында Ла Лигада алғаш ойнады.

Зиданның төрт ұлы да әке ізін басқанын айта кетейік: 21 жастағы Люка қазір "Реалдың" үшінші қақпашысы, 17 жастағы шабуылшы Тео және 13 жастағы жартылай қорғаушы Элиас әзірге мадридтік клуб академиясында.

Зиданның өзі наурызда "Реалға" бас бапкер болып қайта оралды, бұл команданы ол 2016 мен 2018 жылдар аралығы жаттықтырған.