| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 12:19
 

Зиданның командасы ӘЧ алдында қарсыласына 4 минутта 3 гол соқты

  Пікірлер

blog.share

Зиданның командасы ӘЧ алдында қарсыласына 4 минутта 3 гол соқты ©globallookpress.com

Алжир құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңындағы жолдастық матчта Боливия командасын жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Алжир құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңындағы жолдастық матчта Боливия командасын жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу АҚШ-тың Канзас штатындағы Лоуренс қаласында өтті. Алдағы мундиальда өнер көрсететін Алжир құрамасы Латын Америкасы өкілін 4:0 есебімен ойсырата ұтты.

Бірінші тайм аяқталар сәтте Аисса Манди есеп ашты.

Екінші таймда африкалық құрама төрт минут ішінде тағы үш гол соқты. Амин Гуири 57 және 59-минуттарда мергендік танытса, 61-минутта Анис Хадж Мусса қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Айта кетейік, Алжир құрамасының қақпашысы Люка Зидан - аңызға айналған француз футболшысы әрі бапкері Зинедин Зиданның ұлы. Ол бұл матчта қосалқы құрамда қалып, алаңға шыққан жоқ.

Еске салайық, Алжир құрамасы әлем чемпионатында J тобында сынға түседі. Топтағы қарсыластары - Аргентина, Аустрия және Иордания құрамалары.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!