Испания чемпионаты тарихында кемі 100 матчтағы жеңіс пайызы ең жоғары маман анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Opta мәліметінше, бұл көрсеткіш бойынша мадридтік "Реалды" жаттықтырған португалиялық Жозе Моуринью көш бастап тұр. Оның жеңіс пайызы - 77.
Жеңіс көрсеткіші бойынша үздік бес бапкердің тізімі төмендегідей:
Жозе Моуринью (Португалия) - 77%;
Хосеп Гвардиола (Испания) - 76,3%;
Карло Анчелотти (Италия) - 71,1%;
Хави Эрнандес (Испания) - 69,6%;
Зинедин Зидан (Франция) - 67,8%.
Бұл тізімдегі бес маманның үшеуі (Моуринью, Анчелотти және Зидан) мадридтік "Реалмен", ал қалған екеуі (Гвардиола мен Хави) каталондық "Барселонамен" бірге осындай нәтижеге жеткен.
Еске салайық, "Реал" Ла Лиганың 12-туры аясында сырт алаңда "Валенсияны" 3:0 есебімен ұтты. 30 ұпай жинаған "корольдік клуб" турнир кестесінде екінші орында келеді. Көш басындағы "Барселонадан" үш ұпайға қалып отыр.
Моуринью өткен жазда "Реалға" қайта оралды. Ол бұған дейін мадридтік клубты 2010-2013 жылдар аралығында жаттықтырған. Осы кезеңде португалиялық маман "корольдік клубпен" бірге Испания чемпионатын (2011/12), Испания кубогын (2010/11) және Испания Суперкубогын (2012) жеңіп алды.
Жарнама