Танымал футбол жаттықтырушысы Зиннедин Зидан Франция ұлттық құрамасын жаттықтыруға келіскен. Бұл туралы Vesti.kz Фабрицио Романоға сілтеме жасап хабарлайды.
Дереккөз мәліметінше, Зидан Франция футбол федерациясымен ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындалу жөнінде ауызша келісімге келген. Ресми хабарлама қыста жариялануы керек болған, алайда тараптар қазіргі бапкер Дидье Дешамның келісімшарты аяқталғанша күте тұруды жөн көрген.
??? No changes for Zinedine Zidane’s plans: verbal agreement ready since months to become next France head coach.
— Fabrizio Romano (@FabrizioRomano) March 25, 2026
Plan expected to be activated after the World Cup — nothing signed yet as Zizou and Federation all respect Didier Deschamps.
? https://t.co/AyJ005H1Hz pic.twitter.com/xpeVKOj6Zd
Сондай-ақ Зиданның жаттықтырушылар штабына оның "Реал Мадрид" клубында бірге жұмыс істеген мамандар Давид Беттони мен Хамида Мсаиди кіретіні айтылуда.
Зидан мадридтік клубты жаттықтырған кезеңде жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Испания чемпионы атанып, ел Суперкубогын жеңіп алды және УЕФА Чемпиондар лигасы турнирінің кубогын үш рет иеленді.
Жарнама