Франциялық белгілі маман Зинедин Зиданға Хаби Алонсоның орнын басып, мадридтік "Реалдың" бас бапкері болу ұсынылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Реалдағы" жағдайКоманданы жаттықтырп жатқан Алонсоға түсіп жатқан қысым артып келеді. Маусым тұрақты өтіп жатқанына және барлық турнирлерде екі-ақ жеңіліс болғанына қарамастан, ол команда ішіндегі шиеленісті еңсеруге мәжбүр.
Испаниялық БАҚ мәліметінше, негізгі ойыншылардың бір бөлігі - Винисиус Жуниор, Джуд Беллингем және Феде Вальверде - бапкердің кейбір әдістеріне көңілі толмайтындарын білдірген. Бұл жағдай Алонсоның беделін әлсіретіп, оны ауыстыру мүмкіндігі туралы әңгімелердің пайда болуына себеп болып отыр.
Зиданға қызығушылықтың артуыОсы оқиғалардың аясында Зинедин Зиданның есімі жиі атала бастады. "Реалды" үш жыл қатарынан Чемпиондар лигасының жеңімпазы атандырған франциялық маман жақында "Сантьяго Бернабеуде" НФЛ матчі кезінде көрініп, клуб президенті Флорентино Переспен суретке түсті.
Foot-Africa таратқан ақпаратқа сәйкес, El Chiringuito бағдарламасындағы бірнеше сарапшы Зиданды қайта шақыруды сұрап, оның оралуы "сөзсіз" деп мәлімдеген. Олар Зиданның клубтағы беделінің әлі де мызғымас екенін атап өтті.
Зидан "Реалды" соңғы рет 2021 жылдың жазында аяқталған екінші кезеңінде жаттықтырған. Сол уақыттан бері ешбір команданы жаттықтырмағанымен, ол Франция құрамасы мен Еуропаның бірнеше топ клубымен байланыста жүр. Ең ықтимал нұсқалардың бірі - оның ұлттық құрамаға келуі: бұған дейін ол 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін Франция құрамасының бас бапкері қызметінде Дидье Дешамды алмастыруы мүмкін екені айтылған.