Франция құрамасының бас бапкері Зинедин Зидан болашақта "Ювентусқа" қайта оралуы мүмкін екенін жоққа шығармады, алайда, бұл жолы бапкер ретінде, деп хабарлайды Vesti.kz.
Франциялық маман Италияға бейімделуіне және өз күшіне сенуіне көмектескен Марчелло Липпидің қол астында жұмыс істеген кезеңін еске алды.
"Марчелло Липпи маған бір нәрсені үйретті: әрдайым алға ұмтылу керек. Туринге келген кезде менің ойыным онша жақсы болмады. Сондықтан баспасөз бен жанкүйерлер мені бұл деңгейге сай емес деп санады. Липпи маған өзінің жетекшілігімен ойнауым керектігін айтты, мен де оның сенімін ақтадым. "Ювентустың" бас бапкері болу ма? Неге болмасқа, болашақта ондай мүмкіндік бар", - деп келтіреді Зиданның сөзін RMC Sport.
Зидан 1996-2001 жылдар аралығында туриндік клубтың намысын қорғап, кейін мадридтік "Реалға" ауысты. Өткен жазда 54 жастағы маман Франция құрамасының бас бапкері атанды. Оның ұлттық командамен келісімшарты 2030 жылдың жазына дейін жасалған.
Бапкерлік мансабында Зидан "Реалды" үш рет Чемпиондар лигасының жеңісіне жеткізіп, Испания чемпионатында екі мәрте топ жарды.
Жарнама