Зинедин Зидан мадридтік "Реалға" қайта оралуға дайын, бірақ, бір ғана нақты шарты бар, деп хабарлайды Vesti.kz.
Хаби Алонсомен қоштасқаннан кейін Мадридте аты аңызға айналған франциялық маманның оралу мүмкіндігі туралы әңгімелер қайта күшейді. Ал El Nacional басылымының мәліметінше, Зиданның өзі де "Сантьяго Бернабеуге" үшінші рет келу мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Зидан "Реалға" оралуға дайын, бірақ, шарты бар
Алайда әңгіме ұзақмерзімді жоба туралы емес. Дереккөз мәліметінше, Зидан "Реалды" тек уақытша бас бапкер ретінде - 30 маусымға дейін жаттықтыруға дайын.
Мұндай формат екі тарапқа да тиімді: мадридтіктер маусым соңына дейін сенімді бапкермен жұмыс істейді, ал франциялық маман командаға көмектескенімен, ұзақ мерзімді жүк арқаламайды.
Осы қысқа кезең аяқталған соң, Зидан келесі үлкен мақсатына - Франция құрамасын жаттықтыруға назар аударуды жоспарлап отыр. Ол бұл мақсатын бұған дейін де білдірген.
"Реал" үшін мұндай сценарий ымыралы шешім: қазір жағдайды тұрақтандырып, уақыт ұтып, жаңа маусымға бапкерді асықпай анықтау. Ал жанкүйерлер үшін бұл сөзсіз қуанышты жағдай болады.
Зиданның бапкерлік мансабы
Зинедин Зидан бас бапкер ретінде тек мадридтік "Реалда" жұмыс істеген. Ол команданы екі рет баптады: 2016 жылдың қаңтарынан 2018 жылдың маусымына дейін, осы аралықта тарихта Чемпиондар лигасын үш рет қатарынан жеңіп алған алғашқы бапкер атанды (2016, 2017, 2018), сондай-ақ, 2019 жылдың наурызынан 2021 жылдың маусымына дейін команданы қайта тізгіндеді.
Жарнама