Зидан "Реалдан" әлемнің ең қымбат ойыншысын сұрап отыр

Сурет: Sportarena.com
Мадридтік "Реал" франциялық "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппені өз сапына қосудың жолдарын әлі де қарастыып жатыр, - деп хабарлайды "Чемпионат" порталы журналист Никола Скируға сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша, Мбаппе мадридтік клубтың бас бапкері Зинедин Зиданның трансферлік басты мақсаты. Маман ойыншыны жазғы трансферлік кезеңде испаниялық командаға қосқысы келеді. Алайда ПСЖ Мбаппемен келісімшартты 2025 жылға дейін созу амалын қарастыруда. Ойыншыға еңбекақысын екі есе өсіру ұсынылмақ. 

Мұның алдында испанияық БАҚ "Реал" Мбаппені қазір емес, келесі жылы, ойыншының құны аздап түскенде сатып алуға тырысатынын хабарлаған еді. Дегенмен ПСЖ басшысы әлемдегі ең қымбат ойыншы саналатын Килианды осы жазда сатуға тыйым салды