Зидан "Реалдағы" ұлының тағдырына қатысты шешім қабылдады

© Football24.ru
Мадридтік "Реал" команда қақпашысы Люка Зиданды жалға бермек. Бұл туралы Football Espana хабарлап отыр.

Ақпарат бойынша, мадридтіктер 21 жастағы голкипермен жазғы трансферлік кезеңде қош айтыспақ. Оған бірден бірнеше команда қызығып отыр.

Еске салайық, Люка "Реалдың" бас бапкері Зинедин Зиданның ұлы. Мұның алдында франциялық маман командадан Кейлор Навас кететіндіктен, ұлын алып қалмақ еді. Алайда қазір бапкер ұлы ойын тәжірибесін үнемі жинақтау үшін оны алға беруге дайын. 

Люка Зидан - "Реал" тәлімгері. Өткен маусымда ол Испания чемпионатының бір матчіне қатысып, екі гол жіберіп алған. Сонымен қатар, ол екінші дивизиондағы "Кастилья" сапында активіне 27 гол жазып, 33 допты өткізіп алған. 
Жаңалықтар