Зидан "Реал" базасы маңында өзге көлікпен соқтығысты

© Vbet News
"Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан мадридтік клубтың Вальдебебастағы жаттығу базасының маңында жол-көлік оқиғасына түсті, - деп хабарлайды AS.com.

Оқиға команданың жаттығуы алдында болған. Зиданның көлігі басқа машинамен соқтығысып, бапкердікі бүлінген. 

Басылым мәліметінше, бапкердің өзі зардап шекпеген. Оқиғадан кейін Зидан соқтығысқан өзге көліктің жүргізушісімен сөйлесіп, жағдайды реттепті. 

Болған оқиғаға қарамастан, Зидан жаттығуға уақытында келіп, оны өткізеді. Осыдан кейін басбасөз мәслихатына барған. 
Жаңалықтар