Футбол
Бүгін 22:01
 

Зидан Мбаппемен кикілжің туралы ашық пікір білдірді

  Пікірлер

blog.share

Зидан Мбаппемен кикілжің туралы ашық пікір білдірді ©Depositphotos/Imaxepress

Франция футбол құрамасының бас бапкері Зинедин Зидан "Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппемен арада ешқандай мәселе жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Франция футбол құрамасының бас бапкері Зинедин Зидан "Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппемен арада ешқандай мәселе жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Зидан не деді?

"Жазылып жатқан дүниелерді толық түсіне бермеймін. Бұл тақырыпта пікірталасқа араласқым келмейді. Біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы. Ойыншы үшін де (оның атын атамайды), мен үшін де бәрі жақсы. Адамдардың аузына қақпақ бола алмаймын", – деп береді оның сөзін L'Équipe басылымы.

Зиданнан Мбаппемен арақатынасы мінсіз емес деген қауесеттердің өзін ашуландыратыны туралы тағы сұрағанда, бапкер: "Иә, әрине, маған жеткен ақпараттың өзі біраз ашуландырады", – деп жауап берді.

Бұған дейін Мбаппенің "Реалдағы" ойындары үшін, Франция құрамасындағы жүктемесін өзі реттегісі келген себепті Зиданмен арада келіспеушілік туындағаны хабарланған еді. Нақты айтқанда, Зидан мұндайға келіспей, дені сау капитан алаңға шығуға міндетті екенін айтыпты. Ал бұрынғы артықшылықтарынан айырылу шабуылшының көңіліне тиген ұқсайды. 

Бүгін, 16 қарашаға қараған түні Франция құрамасы Ұлттар лигасының алтыншы туры аясында өз алаңында Түркиямен ойнайды. Кездесу Астана уақытымен 00:45-те басталады.
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!