| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 16:30
 

Зидан Мбаппе мен Дембелеге қатысты өз сипаттамасын берді

  Пікірлер

blog.share

Зидан Мбаппе мен Дембелеге қатысты өз сипаттамасын берді ©

Франция футболының аңызы Зинедин Зидан ұлттық құраманың екі көшбасшысы - Килиан Мбаппе мен Усман Дембелені салыстырып, олардың әрқайсысы командаға өзінше пайда әкелетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Франция футболының аңызы Зинедин Зидан ұлттық құраманың екі көшбасшысы - Килиан Мбаппе мен Усман Дембелені салыстырып, олардың әрқайсысы командаға өзінше пайда әкелетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Зиданның айтуынша, екі футболшының ойын стилі мен мінезі мүлде бөлек болғанымен, екеуі де Франция құрамасы үшін аса маңызды.

"Бұл – мүлде екі түрлі футболшы. Усман өте қарапайым, бапкердің айтқанын әрдайым тыңдайды. Ол қорғаныста да жұмыс істеп, серіктестеріне көмектеседі. Ал Мбаппе – агрессив ойыншы. Килиан матч тағдырын санаулы секундта өзгерте алады. Екеуі де ерекше: бірі команданы күшейтсе, екіншісі бір сәтте тарих жасай алады", – деді Зидан.

Франция құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінен сенімді өтіп, өз тобында бірінші орын алды. Команда үш матчта тұрақты ойын көрсетіп, Мбаппе мен Дембеле нәтижеге елеулі үлес қосты.

Енді Дидье Дешам шәкірттері плей-оффтың 1/16 финалында Швеция құрамасымен кездеседі. Бұл матчтың жеңімпазы әлем чемпионатының келесі кезеңіне жолдама алады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!