Франция құрамасының бас бапкері Зинедин Зидан шабуылшы Килиан Мбаппенің Ұлттар лигасының бесінші турында Италиямен матчқа қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу 13 қарашаға қараған түні Миландағы "Сан-Сиро" стадионында өтеді.
"Килиан (Мбаппе) ертең ойнай алмайды. Ол аздап ауырсынқырап тұр. Мұндай жағдайларда әдеттегідей, біз тәуекелге бармаймыз. Осындай жайттар өкінішті, бірақ бұл - ойынның бір бөлігі. Жексенбі күні (Түркияға қарсы матчта) қатарға қосылады деп үміттенемін. Бұған дейін Орельенмен (Тчуамени) және Маркуспен (Тюрам) де осындай жағдай болған. Олар екінші матчқа қатыса алмады. Мұндай кезде ойыншылар үйде қалып, қалпына келуі керек", - деп береді Зиданның сөзін УЕФА-ның ресми сайты.
Бұған дейін Мбаппе мен Зиданның арасында кикілжің болуы мүмкін екені, сондықтан соңғы жаттығу кезінде бір-бірімен сөйлеспегені хабарланды.
А тобында көш бастап тұрғанына қарамастан, Франция құрамасы әзірге турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алатынына кепілдік алған жоқ. Италиямен кездесуден кейін Зидан шәкірттері қараша айындағы тағы бір матч өткізеді. 16 қарашада франциялықтар Түркия құрамасымен ойнайды.