Футбол
14 қараша 09:53
 

Зидан жаңа командамен келісімге келді. Мбаппе қатты қуанып отыр

  Пікірлер

blog.share

Зидан жаңа командамен келісімге келді. Мбаппе қатты қуанып отыр ©instagram.com/zidane/

Франциялық маман Зинедин Зидан болашағына қатысты нақты шешім қабылдап, жаңа командамен келісімге келгені белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Франциялық маман Зинедин Зидан болашағына қатысты нақты шешім қабылдап, жаңа командамен келісімге келгені белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бес жылдан кейінгі оралу

Мадридтік "Реалдан" 2021 жылы кеткеннен кейін Зидан көптеген ұсыныстарға қарамастан клубсыз жүрген еді. Madrid-Barcelona мәліметінше, оны "Пари Сен-Жермен", "Манчестер Юнайтед" және "Ювентус" бірнеше рет шақырды, бірақ, бапкер тек өзіне шабыт беретін жалғыз жобаны күтіп, барлық ұсыныстан бас тартқан.

Шабыт бере бұл жоба Франция ұлттық құрамасы болып отыр, 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін ол Дидье Дешамның орнына кбарады.

Жақында Зидан бапкерлікке қайта оралатынын растады. Ал дереккөздің хабарлауынша, Франция футбол федерациясымен (ФФФ) оның келісімшарты іс жүзінде толық келісілген.

Дешам дәуірінің аяқталуы

Дидье Дешам Франция құрамасын 2012 жылдан бері жаттықтырып, 2018 жылы әлем чемпионы атандырды. Алайда оның кезеңі аяқталуға жақын: алдағы мундиальдің қорытындысына қарамастан, ол қызметінен кетеді. ФФФ Зиданды мінсіз мұрагер деп санайды - жаңа дәуірдің символы және буындар сабақтастығының кепілі.

Енді Зидан командаға жаңа идеялар мен өзіне тән жоғары бедел алып келеді деп күтілуде. Федерация оның басшылығымен француз футболында жаңа "алтын кезең" басталады деп сенеді.

Басты қолдаушы Мбаппе болып тұр

Франция құрамасының капитаны және "корольдік клуб" форварды Килиан Мбаппе Зиданға бұрыннан тәнті және оның басшылығымен жұмыс істеуді армандаған. Дереккөздің хабарлауынша, ол жаңа жобаның негізгі ойыншысы болады.

Мадридтік "Реалды" басқарған кезеңінде Зинедин Зидан керемет нәтижелерге қол жеткізді: команда үш жыл қатарынан УЕФА Чемпиондар лигасын жеңді (2016, 2017, 2018), Испания чемпионы атанды, ел Суперкубогін, сондай-ақ, екі рет клубтық әлем чемпионатын жеңіп алды. Бұл кезең "корольдік клубты" Еуропадағы үстемдік символына айналдырды, ал Зиданды XXI ғасырдың ең табысты және ең құрметті бапкерлерінің бірі атандырды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!