Зидан Франция құрамасының тізгінін қашан ұстайтыны белгілі

©pressball.by

"Реал" клубының экс бас бапкері Зинедин Зидан Катардағы әлем чемпионатынан кейін Франция құрамасын жаттықтырады. Бұл туралы журналист Серхио Валентин твиттер парақшасында жазды.

"Осыдан 1,5 жыл бұрын Зидан "Реалдан" кеткенде енді ол тек Франция құрамасын жаттықтырады деп жазған едім. Бапкер осы уақыт аралығында бірнеше рет басқа ұсыныстардан бас тартып келді. Зидан әлем чемпионатынан кейін Франция командасының тізгінін ұстайды", - деп жазды Валентин.

Еске салайық, Зинедин Зидан 1994-2006 жылдары Франция құрамасының сапында 108 матчта 31 гол салды. Ұлттық құрамамен 1998 жылы әлем чемпионы атанды және 2000 жылы Еуропа чемпионатының алтын медалін иеленді.

Катардағы футбол тойы 20 қараша мен 18 желтоқсан күндері өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар