Футбол
Бүгін 18:12

Зидан Франция құрамасындағы Мбаппенің орнына қатысты шешім қабылдады

©twitter.com/OfficialZZidane

Франция құрамасының жаңа бас бапкері Зинедин Зидан мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Килиан Мбаппемен телефон арқылы сөйлесіп, оны сол қанаттағы вингер позициясында пайдалануды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Зидан Мбаппені қанатқа қайтарғысы келеді

Мбаппе Франция құрамасындағы карьерасын оң қанаттағы вингер позициясында бастаған. Ол 2018 жылғы әлем чемпионатында осы позицияда жарқырап, командасының чемпион атануына үлес қосты. Алайда кейін "үш түсті" команданың бұрынғы бас бапкері Дидье Дешам футболшыны шабуылдың ортасына ауыстырды.

RMC Sport мәліметінше, Зидан Мбаппені шабуыл шебіндегі басқа позицияда - сол қанатта көріп отыр және бұл туралы футболшыға телефон арқылы хабарлаған. Франциялық шабуылшы "Реалға" ауысқанға дейін "Пари Сен-Жермен" сапында көбіне осы позицияда ойнаған. Сондай-ақ ол мадридтік клубта да сол қанатта жиі өнер көрсетті.

Зидан бас бапкер қызметіне тағайындалғаннан кейін Мбаппенің Франция құрамасындағы капитандық міндетін сақтап қалатынын мәлімдеген.

Мбаппе маусымды нәтижелі бастады

Франция құрамасы келесі матчтарын Ұлттар лигасы аясында өткізеді. 25 қыркүйекте "үш түсті" команда Түркиямен кездессе, 28 қыркүйекте Бельгияға қарсы ойнайды.

Жаңа маусым басталғалы Мбаппе "Реал" сапында сегіз матч өткізіп, сегіз гол соқты және екі нәтижелі пас берді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport