Франция құрамасының капитаны Килиан Мбаппе ұлттық команданың жаңа бас бапкері болып тағайындалған Зинедин Зиданның тұсында да капитандық міндетін атқара береді, деп хабарлайды Vesti.kz сайты Le Parisien басылымына сілтеме жасап.
Дереккөздің мәліметінше, капитандық мәселе мүлде талқыланбаған. Зидан мен Мбаппе көп жылдан бері жақсы қарым-қатынаста және бір-біріне зор құрметпен қарайды. Сондықтан ұлттық құраманың көшбасшысы өзгермейді деп күтілуде.
Франция футбол федерациясы (FFF) Зинедин Зиданды ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындағанын ресми түрде 28 шілде, яғни, бүгін жария ету керек.
Килиан Мбаппе Франция құрамасы сапында осы уақытқа дейін 106 матч өткізіп, 66 гол соққан. АҚШ, Канада және Мексикада өткен 2026 жылғы әлем чемпионатында шабуылшы 10 голмен турнирдің үздік сұрмергені атанды.
Жарнама