Франция құрамасының бас бапкері Зинедин Зидан италиялық "Комо" клубының 31 жастағы қақпашысы Жан Бутезді алғаш рет ұлттық құрамаға шақырды. Осылайша, Бутез 1976 жылдан бері "үш түсті" команда сапына дебюттік шақырту алған жасы ең үлкен футболшы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бутез Франция құрамасына алғаш рет шақырылды"Ланс" қақпашысы Робен Риссер шаршап-шалдыққанына байланысты ұлттық команданың алдағы матчтарына қатыса алмайтықтан Бутез Франция құрамасына шақырту алды.
31 жастағы Бутез бұған дейін Франция құрамасына ешқашан шақырылмаған. Осылайша, ол соңғы 50 жылдағы ұлттық командаға алғаш рет шақырту алған жасы ең үлкен футболшы атанды.
Осы маусымда қақпашы "Комо" сапында барлық турнирде бес матч өткізіп, алты гол жіберіп алды.
Франция төрт матч өткізедіАлдағы халықаралық үзіліс кезінде Франция құрамасы Ұлттар лигасы аясында төрт матч өткізеді.
25 қыркүйекте Зидан шәкірттері Түркиямен кездеседі, 28 қыркүйекте Бельгияға қарсы ойнайды, 2 қазанда Италиямен матч өткізеді, ал 5 қазанда бельгиялықтармен қайта кездеседі.