Футбол
Бүгін 10:16

Зидан Франция құрамасын жаттықтыратын болды: мән-жай айтылды

©Depositphotos/Asatur

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Испанияға қарсы өткен матч Дидье Дешам үшін Франция құрамасының бас бапкері ретіндегі соңғы болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жақын арада оның орнын тағы бір әйгілі франциялық маман Зинедин Зидан басады.

Бұл туралы танымал журналист әрі инсайдер Фабрицио Романо мәлімдеді. Оның айтуынша, 57 жастағы маманның Франция құрамасындағы дәуірі аяқталуға жақын.

Дешам ұлттық құрамамен енді әлем чемпионатындағы үшінші орын үшін соңғы матчын өткізеді. Одан кейін оған құрметпен шығарып салу рәсімі ұйымдастырылып, Франция құрамасының жаңа бас бапкері болып Зинедин Зидан тағайындалады.

"Франция үшін ары қарай: Зиданның дәуірі. Жуырда", - деп жазды Романо Х әлеуметтік желісінде.

Еске салайық, әлем чемпионатының жартылай финалында Франция құрамасы Испаниядан 0:2 есебімен ұтылып қалды. Луис де ла Фуэнте шәкірттері турнирдің финалына жолдама алып, Англия мен Аргентина арасындағы жартылай финал жеңімпазымен кездеседі. Ал Франция құрамасы қола жүлде үшін бақ сынайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport