Футбол
Бүгін 19:28

Зидан федерациядан Франция құрамасын күшейтуді талап етті

©Depositphotos/Imaxepress

Франция құрамасының бас бапкері Зинедин Зидан Франция футбол федерациясынан (ФФФ) қапталдағы қорғаушы позицияларына мықты ойыншылар дайындау үшін ұзақ мерзімді шаралар қабылдауды талап етті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Зидан техникалық директорға жүгінді

L'Equipe мәліметінше, Зидан ұлттық құраманың техникалық директоры Юбер Фурньеден қорғаныстың қапталдарында ойнай алатын футболшыларды даярлау бағдарламасын әзірлеуді сұраған.

Франциялық маман сондай-ақ тиісті тапсырманы Франция жастар құрамасының (U-21) бас бапкері Жеральд Батикльге және U-20 командасының жаттықтырушысы Бернар Диомедке берген. Зидан болашағынан үміт күттіретін ойыншыларды жастар құрамалары деңгейінен бастап қаптал қорғаушы позицияларында сынап көруді қалайды.

Францияда қапталдағы қорғаушылар жетіспейді

Қорғаныс қапталдарына ойыншы таңдау мәселесі қазіргі халықаралық үзіліс кезінде айқын байқалды. Бұл позицияларда Зидан "Монако" клубының орталық қорғаушысы Кристиан Мависсаны және "Ланс" командасының орталық қорғаушысы Исмаэло Ганиуды пайдаланды.

Франция құрамасы келесі матчын дүйсенбі, 5 қазанда өз алаңында Бельгияға қарсы Ұлттар лигасы аясында өткізеді. Бірінші кездесуде Франция командасы бельгиялықтарды минималды есеппен ұтқан.

Үш турдан кейін Франция құрамасы жеті ұпай жинап, А тобында бірінші орында келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport