Франция құрамасының бас бапкері Зинедин Зидан мадридтік "Реалдың" қорғаушысы Ферлан Мендиді ұлттық командаға қайта шақыру мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Зидан Мендиге қайтадан сенім артпақL’Equipe басылымының мәліметінше, "үш түстілердің" жаңа бас бапкері 31 жастағы футболшының ойын деңгейін әлі де жоғары бағалайды және оны қайтадан ұлттық құрамаға шақыруға дайын.
Алайда қорғаушының оралуы бір ғана шартқа байланысты. Менди толықтай жарақатынан айығып, өзінің бабына қайта келуі тиіс. Егер бұл талап орындалса, Зидан оны Франция құрамасының негізгі сол жақ қорғаушысы етуді жоспарлап отыр.
Depositphotos/mrogowski_photography
Зиданның сенімді ойыншыларының бірі болғанФерлан Менди Зинедин Зиданның талаптарын жақсы біледі. Өйткені ол мадридтік "Реалда" дәл осы франциялық маманының жетекшілігімен өнер көрсетіп, команданың негізгі ойыншыларының бірі болған.
Қорғаушы соңғы рет Франция құрамасы сапында 2024 жылдың маусымында Канадаға қарсы жолдастық кездесуде алаңға шыққан. Осы уақытқа дейін ол ұлттық құрама үшін 10 матч өткізді.
Сапқа оралу үшін біраз күтуге тура келедіӨткен маусым Ферлан Менди үшін аса сәтті болған жоқ. Ойын бабының төмендеуі мен денсаулығына байланысты қиындықтардың кесірінен ол "Реал" сапында бар болғаны тоғыз матч өткізді. Маусымның соңына қарай ауыр жарақат алып қалды.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, қорғаушының оңалуына ұзақ уақыт қажет болады. Оның алаңға қайта оралуы 2027 жылдың сәуір айына жоспарланып отыр.
Жарақат алғаннан кейін еуропалық бұқаралық ақпарат құралдарында Мендидің кәсіпқой карьерасын аяқтау туралы ойланғаны жөнінде де ақпарат тараған болатын.
Алайда енді оның алаңға қайта оралуына қосымша ынта пайда болды. Себебі Зинедин Зиданның жетекшілігімен Франция құрамасының маңызды ойыншыларының біріне айналу мүмкіндігі қайта туып отыр.