35 жастағы Карим Бензема Франция құрамасындағы карьерасын аяқтады, алайда шабуылшы ұлттық құрамаға қайта оралуы мүмкін.
Footmercato мәліметінше, Дидье Дешам бас бапкер қызметінен кетіп, орнына Зинедин Зидан келуі мүмкін. Міне осы кезде Бензема да шешімін өзгертуі ықтимал.
Дешамның құрамадағы болашағы келесі жыл басында шешілмек. Алайда мұның алдында маманмен келісімшарт Еуро-2024 турниріне дейін ұзартылатыны туралы да ақпарат тараған болатын.