"Зениттің" Нұралы Әліпке қатысты жоспары белгілі болды

©"Зенит" ФК

Ресейлік "Зенит" Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліпті командада сақтап қалуға ниетті. Бірақ қорғаушыға тағы бір бәсекелес болатын футболшы сатып алады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

22 жастағы қорғаушы жуырда "Зенитпен" бірге Ресей чемпионы атанған еді. Енді ол алдағы маусымда команданың негізгі қорғаушысы болуы мүмкін. 

"Петербургтік команда Нұралы Әліпті сатып алу құқығын пайдаланған жоқ. Бірақ ол жаңа маусымға дайындықты "Зенит" сапында бастайды. Алайда ресейлік клуб жазғы трансферлік кезеңде тағы бір орталық қорғаушы сатып алады. Қарастырылып жатқан қорғаушылар қатарында "Ростовтың" ойыншысы Данила Прохин бар", - деп жазады дереккөз. 

Айта кетейік, "Қайратқа" тиесілі қорғаушы Әліп қыста "Зенит" сапына 2023 жылдың қаңтарына дейін жалға ауысты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport