Петерборлық "Зенит" футбол клубының бас бапкері Сергей Семак Еуропаның мықты клубтарынан тартымды ұсыныс түскен жағдайда Қазақстан құрамасының капитаны Нұралы Әліптің командадан кету ықтималдығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
- Егер Еуропаның топ-клубтарынан қызығушылық пайда болып, нақты ұсыныс түссе, оны жіберер ме едіңіздер? Жалпы, ол сол деңгейде ойнай ала ма?"Біз кез келген ойыншыны жібере аламыз, өйткені әрдайым футболшылардың мүддесін ескеруге тырысамыз. Әрине, клубтың да өз мүдделері бар, олар міндетті түрде сақталуы тиіс. Егер ұсыныс клубқа да, ойыншының өзіне де тиімді болса, онда біз футболшының дамуына немесе карьерасына кедергі келтірмейміз", - деді Семак BorodAbata YouTube-арнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, Нұралы Әліп "Зенит" сапында 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол петерборлық клубқа алматылық "Қайраттан" ауысқан болатын. Осы уақыт ішінде қорғаушы үш рет Ресей чемпионы атанып, Ресей кубогын және үш Суперкубокты жеңіп алды.
2025/26 маусымында Әліп барлық турнирлерде 19 матч өткізіп, бір гол соқты.