Футбол
10 тамыз 2022 17:00
 
"Зениттің" бапкері Әліптің қаншалықты сенімді қорғаушы екенін айтты

  Пікірлер

blog.share

"Зениттің" бапкері Әліптің қаншалықты сенімді қорғаушы екенін айтты ©"Зенит" ФК

"Зениттің" бас бапкері Ресей біріншілігінің бесінші турындағы ЦСКА командасына қарсы кездесу алдында тілшілердің сұрақтарына жауап берді. Әңгіме барысында ол "Ахматқа" (0:0) қарсы өткен ойында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің ойынына қатысты пікірін айтты. 

- Ол ойында Әліп қателесті. Дегенмен Әліп пен Адамовтың ойынын қалай бағалайсыз?

- Әліп те Арсен де ойынға жақсы қосыла білді деп ойлаймын Тактикалық тұрғыдан қателіктер болды әрине. Бірақ қорғаныстағы ойын, сенімділік тұрғысынан ешқандай қиындық жоқ. Өз алаңымыздағы ойындарда шамалы оңайырақ болады. Алаңның сапасына байланысты техникалық қателіктер болып жатады. Өйткені, біздің өз алаңымыздың сапасы әлдеқайда жақсы", - деп келтіреді Семактың сөзін клубтың баспасөз қызметі.  

Еске салайық, "Зенит" пен ЦСКА арасындағы ойын 13 тамыз күні Санкт-Петербург қаласында өтеді. Ал "Ахматқа" қарсы ойында Әліп үзіліс кезінде Деян Ловреннің орнына алаңға шыққан болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!