"Зенитте" жүрген Нұралы Әліптің әлсіз тұстары айтылды

©Зенит ФК

"Зениттің" бұрынғы жартылай қорғаушысы Алексей Стрепетов "Спорт день за днем" басылымына берген сұхбатында Нұралы Әліптің әлсіз тұстарын атады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Зенит" сапында қақпашы мен орталық қорғаушы позициясын дұрыстау керек. Қазір Ловрен, Ракицкий сынды қорғаушылар жоқ. Ал Дмитрий Чистяков болса жартылай қорғаныстан таза қорғаушыға айналып барады. Оның жанына мықты қорғаушы керек. Біз сырттай қадағалап жүрген Әліп пен Адамов бар. Команда Арсенмен келісімшарт жасасып қойса, Әліппен әлі де болса келіссөз жүргізбеді. Нұралы жақсы ойыншы. Бірақ әлі де тактикалық тұрғыда үйренері көп. Ол доппен жақсы жұмыс істейді. Енді Семак қорғаныстағы ойынын дұрыстап "қойып" берсе, команданың үшінші тасқамал қорғаушысы болып шыға келеді", - дейді Стрепетов.

Еске салайық, Нұралы Әліптің "Қайрат" клубымен келісімшарты 2023 жылға дейін жасаған. Қос тарап трансфер жайында келісе алған жағдайда ресейлік команда "Қайратқа" 3 миллион еуро төлеуі тиіс.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport