"Зенитке" ауысарға дейін Әліпке тағы бір ресейлік команда ұсыныс жасады

©"Зенит" ФК

Алматылық "Қайрат" пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліпке "Зенитке" ауысарға дейін мәскеулік "Динамо" командасы қызығушылық білдірген. Бірақ бұл мәскеулік ұжымның басшылары отандасымыздың командадағы басқа қорғаушылармен салыстырғанда әлсіз деп тапқан. Бұл туралы Sport24 жазады. 

Еске салайық, осыған дейін "Зенит" командасы Әліпті "Қайраттан" толық сатып алмайтыны белгілі болды. 

22 жастағы қорғаушыны "Зенит" командасы "Қайраттан" 2022 жылдың соңына дейін жалға алған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport