Футбол
10 мамыр 2022 09:42

"Зенит" Нұралы Әліптің болашағына байланысты нақты шешім қабылдады

©"Зенит" ФК

Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп карьерасын ресейлік "Зенит" сапында жалғастыра береді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Себебі, командада орталық қорғаныста ойнайтын футболшылардың саны аз. 

"Ресей чемпионы сапында сегіз шет елдік футболшы бар. Олардың бірі Нұралы Әліп. Бірақ Қазақстан құрамасының қорғаушысы легионер болып саналмайды. "Зенит" Әліпті 2022 жылдың соңына дейін жалға алды. Сондықтан ол жазда ешқайда ауыспайды. Өйткені, командада орталық қорғаушы аз. Ал Нұралы соңғы кездесулерінде тәуір ойнады. 

Әліптің болашағы "Зениттің" еурокубок ойындарына қатысты емес. Ал қалған жеті легионерлердің жағдайы қиын. Олар Санкт-Петербургқа Чемпиондар лигасында ойнау үшін келген еді. Дегенмен бұл олардың келуінің негізгі себебі емес", - деп жазады sport-express.ru порталы. 

Еске салайық, биыл "Зенит" командасы кезекті рет Ресей чемпионы атанды. Ал Әліп Семактың командасында 10 кездесуге қатысты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport