"Зениттің" бас директоры Александр Медведев bobsoccer.ru басылмына қазақстандық футболшы Нұрәлі Әліпке қатысты қандай шешімге келгенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан құрамасының ойыншысы өткен маусымда "Қайраттың" негізгі қорғаушысы болған еді.
- Дубайдағы жиында өзін жақсы көрсетіп, "Мидтьюлланд" қақпасына жеңіс голын салған Нұрәлі Әліпке қатысты соңғы шешім қабылданды ма?
- Иә. Әліпті жалға аламыз, - деп қысқа қайырды Медведев.