"Зенит" командасы Нұралы Әліпті көпшілікке таныстыруды кейінге қалдырды

©"Зенит" ФК

"Зенит" командасы жаңа ойыншыларды таныстыру рәсімін кейінге қалдырды. Бүгін, 15 ақпан күні команда Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліппен келісімшарт жасағанын хабарлау керек еді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"СпортРадар.kz" телеграм-каналының ақпараты бойынша, жаңа ойыншылар әлі толық тексерістен өтпеген. 

Нұралы Әліп тағы бір ресейлік клубтың назарын өзіне аударды

"Нұралы Әліпті "Зениттің" жаңа ойыншысы ретінде таныстырылымы тағы да шегерілді. Енді іс-шара ертең өтеді. Негізі әу баста бұл шара өткен жексенбі өтуі керек еді. Бірақ кейін дүйсенбіге, енді сәрсенбіге қалдырылды. 

Таныстырылым Әліп пен басқа үш футболшы - Арсен Адамов, Иван Сергеев және Юри Алберто толық медициналық тексерістен өтпегеніне байланысты шегерілген. Айта кетейік, "Зенит" Қазақстан құрамасы мен алматылық "Қайраттың" қорғаушысы Нұралы Әліпті жарты жылға қатарына қосады. Аталған мерзім аяқталған соң ресейлік команда оны сатып алуы мүмкін", - деп жазады дереккөз. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport