"Зенит" Қазақстан құрамасы капитанын сапына алуға жақын

Сурет: "Зенит" ФК
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан санкт-петербургтік "Зенитпен" келісімшарт жасасуға жақын. Бұл туралы Sportbox.ru хабарлады. 

26 жастағы қазақстандық футболшы ресейлік клубтың Катардағы оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. "Зенит" Исламханның команда жаттығуына қосылғанын 17 қаңтарда хабарлаған еді. Хавбек жаттығуларға қатысып, өзара бөлініп ойнағанда гол да соққан болатын. 



Дереккөздің мәліметі бойынша, Исламханға Ресей Премьер-лигасының басқа да клубтары - мәскеулік "Локомотив" пен қазандық "Рубин" көз тіккен. 

Исламхан "Зенитке" еркін агент ретінде келді. Соңғы клубы "Қайрат" болған. Алматылық клубта ол алты маусым бойы ойнап, 211 матчта 64 гол мен 61 нәтижелі пастың авторы атанған.
Жаңалықтар