"Зенит" қазақ футболшыға қатысты бір шешімге келді

©"Зенит" ФК

Bobsoccer.ru сайты "Зенит" командасы мен қорғаушы Нұралы Әліп туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Демалыстан кейін 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін келісімшарты бар "Зенит" сапына Нұралы Әліп те қосылады. "Қайрат" келісімшартты бұзуды қарастырып отырған жоқ, қазіргі жағдай Әліпті де, "Зениттің" бапкерлер штабының да көңілінен шығып отыр. Петерборлықтар қазақстандықты сатып ала алады, алайда, әзірге бұл мәселе көтерілген жоқ", - делінген мәтінде. 

22 жастағы Әліп "Зенит" сапында он матч өткізді. Қазіргі таңда футболшы Қазақстан құрамасымен Ұлттар лигасына қатысуда.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар