"Зенит" Францияны ұтқан бапкерге ұсыныс жасады

сурет: reuters

"Зенит" клубының басшылары Швейцария құрамасының бас бапкері Владимир Петковичке ұсыныс тастады деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 57 жастағы жаттықтырушы ресейлік командамен жұмыс істеген жағдайда Сергей Семакпен келісім-шартты бұзады деп жазады Тuttomercatoweb басылымы.

Осыған дейін швейцариялық басылымдарда Петковичтің "Зенит" тізгінін ұстауы мүмкін деген ақпарат тараған болатын. Владимир Петкович Швейцария командасын 2022-ші жылға дейін жаттықтырады.

Еске салсақ, Еуро-2020 турнирінің 1/8 финалында Швейцария футболшылары Францияны пенальти сериясында жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне шыққан еді.

Метки:
Жаңалықтар