"Зенит" бас бапкері Нұралы Әліп жайлы пікір білдірді

©Зенит ФК

Бұл күндері Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Санкт-Петербуург қаласының "Зенит" клубымен оқу-жаттығу жиындарында жаттығып жүр, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Осыған орай бас бапкер Сергей Семак Чемпионат басылымына Нұралы әліп жайлы пікір білдірді.

- Оқу-жаттығу жиындарына не себепті Нұралы Әліпті шақырдыңыз?

- Біз Әліпті бұрыннан бақылап жүрміз. Ол жас ойыншы. Оның паспортымен Ресей чемпионатында легионер болып есептелмейді. Қазіргі таңда біздің клубта үш орталық қорғаушы бар. Олардың арасына болашағынан үміт күттіретін Даниил Хотулевті қосуға болады. Нұралының келуімен қорғаныс шебінде бәсекелестік пайда болады. Егер Әліп көңілімізден шығып жатса, оны командада қалдырамыз. Сөйтіп Хотулевке ойын практикасын көбейту үшін басқа ұжымға уақытша жалға береміз.

- Нұралы Әліптің деңгейі Ресей чемпионатына лайық деп ойлайсыз ба?

- Егер біз ресейлік ойыншыны қорғаныс шебінде ойнауы үшін сатып алатын болсақ, қыруар қаржы кететінін білесіздер. Ал біздің клуб үлкен шығындарға батқысы келмейді. Егер Әліп өзін жақсы қорғаушы екендігін дәлелдей алса оны командада қалдырамыз. Ол әлі жас. Әлі де деңгейі өсе түседі. Жалпы Нұралының "Зенитте" қалу-қалмауы өзіне байланысты.

- Қазақстандық қорғаушы алғашқы жаттығулардан кейін қандай әсер қалдырды?

- Еңбекқор, тәртіпті ойыншы екен. Жақсы деген баға берер едім. Бірақ біз енді ғана толыққанды демалыстан шығып жатырмыз. Алдағы уақытта ойындар басталғанда алаңда қалай сезінетінін, қалай ойнатынын білеміз.

Еске салайық, Тransfermarkt мәліметінше Нұралы Әліптің трансферлік құны 1,7 млн еуроны құрайды. Ол Қазақстан құрамасынан бөлек "Қайрат" клубының негізгі қорғаушысы.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: