"Зенит" бас бапкері Сергей Семак Нұралы Әліптің Ресей чемпионатының 25-турында "Уралға" қарсы матчта алаңға негізгі құрамда шығуына қатысты ойын білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Санкт-Петербургтегі "Газпром Аренадағы" ойын "Зениттің" пайдасына 3:1 есебімен аяқталды.
"Әліп негізгі құрамда ойнауға лайық екенін дәлелдеді. Ол өзіне берілген міндетті мінсіз атқарды және бапкерлік штабтың көңілінен шықты", - дейді Семак клубтың баспасөз қызметіне берген сұхатында.
Еске салайық, Қазақстан құрамасының қорғаушысы қысқы трансферлік маусымда "Қайрат" сапынан "Зенитке" жыл соңына дейін жалға берілген болатын.