Ресейлік "Зенит" Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліпті көпшілікке қашан таныстыратыны белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Дереккөздің ақпараты бойынша, команданың жаңа ойыншыларын 15 ақпанда таныстырады. Олардың қатарында Иван Сергеев, Арсен Адамов және Нұралы Әліп те бар.
Айта кетейік, 22 жастағы қорғаушы осыған дейін ресейлік команда сапында қаралымнан өтті. Содан соң "Зенит" оны "Қайраттан" жалға алу туралы шешімге келді. Әліп жаңа командасы сапында екі гол соғып үлгерді.
Ал осыған дейін "Зениттің" бас директоры Александр Медведев қыста команда басқа жаңа ойыншылар алмайтынын айтқан.