"Зенит" 4 миллион еуроға Әліпке бәсекелес футболшы сатып алды

©"Чемпионат"

Бразилиялық қорғаушы Родригао "Зенит" сапына ауысты, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс. басылымы. 

Бұл ақпаратты ресейлік команданың бас директоры Александр Медведев растаған. 

Родригаоны питерлік команда 4 миллион еуроға алған. Ал Transfermarkt порталы оны 3,5 миллион еуроға бағалап отыр. 

Айта кетейік, Родригао енді "Зенит" сапында қорғаныстың орта шебінде Нұралы Әліппен бәскелес болады. 

Еске салайық, 22 жастағы Әліп "Зенит" сапында жалда өнер көрсетіп жүр. Оның келісімшарты 2022 жылдың соңында аяқталады. Ресейлік команда сапындағы бірінші маусымда ол 12 кездесу өткізді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар