Зайнутдиновтың командасы Ресей Кубогінде камбэк жасады

©pfc-cska

ЦСКА Ресей Кубогінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Турнирдің 1/8 финалында Бахтиер Зайнутдинов ойнайтын команда қонақта "Сочи" клубын ұтты.

"Фишт" аренада өткен матчтың есебі 2:1. Кездесудің бірінші таймында алаң иелері сапында Кристиан Нобоа есеп ашса, үзілістен кейін Игорь Дивеев дубль авторы атанды. Осылайша, Алексей Березуцкий баптайтын мәскеулік ұжым Ресей Кубогінің 1/4 финалына жолдама алды.

Ал Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов негізгі құрамда алаңға шығып, 72-минутқа дейін ойнады. Еске салайық, 2022 жылы Зайнутдинов ЦСКА сапындағы екінші кездесуін өткізді. Апта бұрын жерлесіміз Ресей чемпионатында Спартак қақпасына гол соққан еді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport