Зайнутдиновтың командасы "Қайрат" пен "Тобылдың" бұрынғы шабуылшысын сатып алмақшы

©"Рубин" ФК

29 жастағы казандық "Рубиннің" сербиялық шабуылшысы Джордже Деспотович команданың екінші құрамына ауыстырылып жібергеннен кейін, оған бірнеше команда қызығушылық білдіріп, ұсыныс жасаған. Бұл туралы "Чемпионат" порталы Arena Sport сайтына сілтеме жасап хабарлады. 

Деспотовичті  өз қатарына қосқысы келетін командалардың көшін "Црвена Звезда" бастап тұр. Сербиялық ұжым Джорджені "Милан" сапына ауысатын 21 жастағы Мако Лазетичтің орнын басады деп отыр. 

Негізі Деспотович дәл осы "Црвена Звезданың" тәлімгері. Қазіргі уақытта оның агенттері белградтық командамен келіссөз бастаған. Бірақ осы кезде шабуылшыға мәскеулік ЦСКА командасы ұсыныс жасап, үлкен жалақы ұсынған. Айта кетейік, осы мәскеулік командада Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов өнер көрсетеді. 

Ал осыған дейін Деспотовичқа ресейлік "Ахмат" пен түркиялық клубтар қызығушылық білдірген. 

Шабуылшы "Рубин" сапына 2020 жылдың жазында "Оренбург" сапынан ауысып келді. Ол казандық команда сапында 36 кездесуге қатысып, 15 гол соғып, бес нәтижелі пас берген. Оның "Рубинмен" келісімшарты 2023 жылы аяқталады. 

Қазақстандық жанкүйерлерге шабуылшы "Жетісу", "Қайрат", "Тобыл" және "Астана" командаларында ойнағанымен жақсы таныс. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: