Зайнутдиновтың қайшылай тепкен добы футбол жанкүйерлерін таңғалдырды

©ФК "Бешикташ"

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташ" командасы сапындағы кезекті ойынын өткізді. Түркия чемпионатының 10-турындағы "Газиантеп" командасына қарсы ойында ол үздік өнер көрсетті. 

Бахтиер негізгі құрамда алаңға шығып, сол қанат қорғанысында ойнады. Шабуылға да дер уақытында араласып, команданың жеңіске жетуіне бар күшін салды. Оның 17-минутта қайшылай тепкен добы жанкүйерлер көңілін бір серпілтті. Алайда қонақтар қақпашысы Флорин Ницэ допты қайтарып үлгерді. 

Бахтиер Зайнутдиновтың тамаша соққысы, - деп жазды beIN SPORTS Türkiye интернет-ресурсы

Ойында "Бешикташ" 2:0 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық футболшы кездесу соңына дейін ойнады. WhoScored сараптамалық порталы Бахтиердің ойынына 8,0 деген ұпай берді. Бұл Алекс Окслейд Чемберленнен (8,4) кейінгі үздік нәтиже. 

"Бешикташ" командасы 10 турдан кейін 16 ұпаймен Түркия суперлигасында 4-орында келеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: