Зайнутдиновтың бұрынғы бапкері Ресейге қайта оралуы мүмкін

©ЦСКА

"Краснодар" мен ЦСКА клубтарының экс бапкері Виктор Гончаренко Ресей чемпионатына қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Маусым қорытындысы бойынша Екатеринбург қаласының "Урал" командасы премьер-лигадағы орнын сақтап қалса, беларуссиялық маман жұмыс істеуге әзір. Соңғы рет Гончаренко "Краснодар" командасын жаттықтырып, 2022 жылдың 5 қаңтарында клубтың ресми сайтынан қызметінен босатылғанын білген еді.

Еске салайық, 2020 жылы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов "әскерилер" қатарына қосылған кезде Виктор Гончаренко команда бас бапкері болды.

Кезінде БАТЭ командасын 6 рет чемпион қылған 44 жастағы маман ЦСКА командасымен Ресей Суперкубогін иеленіп, ішкі чемпионатта екі дүркін күміс жүлдегер атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport