Зайнутдиновтың агенті Италиялық клуб Бахтиерге көз тігіп отырғанын растады

Сурет: ЦСКА

ЦСКА мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтың ісін жүргізетін агент Евгений Новиков футболшының "Аталантаның" қысқа тізімінде деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс". Ол Италияның А Сериясындағы клуб футболшыға көз тігіп отырғанын растады. 

Мұның алдында "Аталанта" жазғы трансферлік кезеңде сапын күшейткісі келетінін және қазақстандық ойыншыға қызығып отырғаны хабарланған. 

- Бахтиер "Атлантаның" қысқа тізімінде бар деген ақпаратты растаймын, - дейді агент.

- Екі жақ келісімге келсе, Бахтиер баруға дайын ба?

- Екі тарап келісе алса, бәрі риза болады деген ойдамын. Бастысы ЦСКА-ға ресми ұсыныс жасау. 

Жаңалықтар