Зайнутдиновты меңзегені ме? Италиялық команданың бапкері трансфердегі басымдық туралы айтты

Бахтиер Зайнутдинов. Сурет: ЦСКА©

Италиялық "Атлантаның" бас бапкері Джан Пьеро Гасперини клубтың трансферлік саясаты туралы пікір білдірді. 

"Команданы қалай күшейтуге болады? Футболшыны соңғы минутта сапыңа қосумен емесі анық. Басты келісімдер - Ромеро, Меле, Пессина. Бұрын жоспарланып қойғандар. Біздің чемпионатқа бейімделген футболшылар қажет, А сериясын білетіндер. 

Шептердегі баланс қажет. "Веронада" бізде шабуылдайтын төрт ойыншы болды, әдеттегідей үшеу емес. Кейін Пашалич, Иличич және Коваленко шықты. Ламмерс қосалқы ойыншы болды. Бәрі де тамаша жігіттер, бірақ, мұндай бапкер үшін қауіпті жағдай. Шабуылдайтын сегіз футболшы - тым артық", - деп береді Гасперинидің сөзін L’Eco di Bergamo.