Зайнутдиновтің Ұлттар лигасында алған жарақатынан қашан айығатыны айтылды

29 қыркүйек 2022 19:14
©ҚФФ

Мәукеулік ЦСКА мен Қазақстан құрамасының футболшысы Бахтиер Зайнутдинов қатарға он шақты күннен кейін қайта оралады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

24 жастағы футболшы Беларусь (2:1) құрамасына қарсы кездесуде жарақат алған. Осыған байланысты ол Әзірбайжан (0:3) құрамасына қарсы матчке қатыспады. 

Осылайша, Зайнутдинов ЦСКА командасының Ресей чемпионатында 1 қазан күні "Химки" және 8 қазан күні "Динамоға" қарсы ойындарға қатыса алмайды. 

Айта кетейік, биыл Зайнутдинов Ресей чемпионатында 10 ойынға қатысып, бірнеше рет үздік футболшылардың құрамына ілінді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар