Мәукеулік ЦСКА мен Қазақстан құрамасының футболшысы Бахтиер Зайнутдинов қатарға он шақты күннен кейін қайта оралады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
24 жастағы футболшы Беларусь (2:1) құрамасына қарсы кездесуде жарақат алған. Осыған байланысты ол Әзірбайжан (0:3) құрамасына қарсы матчке қатыспады.
Осылайша, Зайнутдинов ЦСКА командасының Ресей чемпионатында 1 қазан күні "Химки" және 8 қазан күні "Динамоға" қарсы ойындарға қатыса алмайды.
Айта кетейік, биыл Зайнутдинов Ресей чемпионатында 10 ойынға қатысып, бірнеше рет үздік футболшылардың құрамына ілінді.