Зайнутдиновтің ЦСКА командасындағы болашағына қатысты ақпарат шықты

©ЦСКА ФК

"Добрый пруф" Тelegram-арнасы футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтің мәскеулік ЦСКА командасындағы болашағына байланысты ақпаратпен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Қазіргі уақытта шет елдік футболшыларда Эджуке, Медина және Карраскаль командада қалады деп нық сеніммен айтуға болады. Сонымен Фукс және Зайнутдинов те", - деп жазады дереккөз. 

Еске салайық, Зайдутдинов ЦСКА сапында 2020 жылдың тамыз айынан бері өнер көрсетеді. Ол жалпы мәскеулік команда сапында 51 кездесуге қатысып, бес гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. 

Ал биыл ЦСКА 29 турдан кейін 47 ұпай жинап, Ресей біріншілігінде бесінші орында келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар