Зайнутдинов Ұлттар лигасында сенсация жасаған Қазақстан құрамасын жеңіспен құттықтады

©ЦСКА ФК

Мәскеулік ЦСКА командасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Ұлттар лигасында сенсация жасаған Қазақстан құрамасын жеңіспен құттықтады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Еске салайық, кеше Қазақстан құрамасы Словакияны екінші мәрте ұтып, өз тобында бірінші орынға шықты. Маусым айында өткен бұл ойындарға Зайнутдинов жарақатына байланысты қатыса алмады. 

"Біраз уақыттан бері мұндай эмоция болмаған еді. Жігіттер, жарайсыңдар. Жеңіске лайықсыңдар. Алға, Қазақстан", - деп жазды Зайтундинов Instagram парақшасында. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport