Қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов "Футбол" телеарнасының тұжырымынша "Коньяспор" - "Бешикташ" матчінің үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Түркия матчтерін трансляциялайтын ресейлік телеарна бірден бес футболшыны Марлоса Морено мен Нельсон Оливейраны ("Коньяспор"), Эрсин Дестаноглу, Венсан Абубакар және Зайнутдиновты ("Бешикташ") үздік ойыншы номинациясына ұсынған.
Осылардың ішінде Зайнутдинов үздік деп танылды. Ол гол салып немесе ассист жасап көзге түспеді, алайда респонденттердің 47 пайызы Бахтиерге дауыс берді.
Еске салайық, 25 жастағы қазақстандық футболшы алаңға алғаш рет "Бешикташтың" негізгі құрамында шығып, 82 минут ойнады. Бұл матчте оның командасы 2:0 есебімен ұтты.